Список документов
Математика өмірге жол ашады.

Математика өмірге жол ашады.

 

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы

«Көкшетау қаласы, жоғары техникалық мектебі» МКҚК

Жаратылыстану-математикалық пәндерінің ОӘБ

Бекмагамбетова З.К., математика пәнінің оқытушысы

 

«Ұстаз балалар үшін жол сілтеуші жалын, от, ұшқын

 одан балалардың жүрегінде ғылымға,

білім алуға ұмтылыс, жеке қасиеттерінің

дамуына жетелейді»

В.Сухомлинский

    «Мен неліктен ұстаз мамандығын таңдадым?» - деген сауал қоямын.

Ұстаз болу – балардың сүю, оларғы өзіңнің білгенінің бөлігін беру деп түсінемін. «Осы екі қалау - адамды шын бақытты болуға, пайда әкелуге бөлейді» деп Л.Н. Толстай айтқан.  Мектепті тәмамдағаныма отыз төрт жыл өтіпті. Артыма қарасам, менің таңдауым бекердер-бекер еместігіне көзім жетті. Мұғалімдермен менің жолым болды. Солардың арқасында мен мектепте оқып жүріп ұстаздық мамандығын таңдадым. Олар маған мектепті, адамдарды, өзіңді, қоршаған әлемді сүйіп-құрметтеуге үйретті. Олар менің жүрегімде лаулап тұрған от жандырды. Жанған от осы күнге дейін мені және  мені қоршаған адамдарды жылытуда. Енді міне мен өзім амтематика пәнінің оқытушысымын. Бұл дүниеде әрбір адамның мақсаты бар. Менің мақсатым – мәртебелі математикаға қызмет ету, балаларды осы ғылыммен таныстырып үйрету болып табылады. Мен мектепте математика пәнінің оқтытушысы болып 28 жыл жұмыс істеу барысында түрлі эмоциялар, яғни күмән уайыммен мен мазасыздық эмоциялары болды.

         Қазіргі таңда ұстаз болу өте қиын! Ұстаз болу – бұл жай ғана мамандық емес, бұл ерекше миссия, жаның мен ақыл-өрісіңді толығымен салуды қажет етеді. Сондай-ақ жауапкершілік, шыдамдылық, өзінді-өзі үнемі білімін жетілдіруді, шеберлікті, таусылмайтын күш-қуатты, үлкен шығармашылықты, рухани жомарттылықты, балаларға және өз ісіңе деген шексіз махаббатты талап етеді. Данышпан В.А. Сухомлинскийдің айтуы бойынша «Оқушыға білім шоқтығын беру үшін, ұстаз теңіз жарығын өзінің бойына сіңіруі тиіс». Егер оқушы болмаса, ұстаз да  болмайды және керісінше. Бұл біздің жалпы өміріміз және оны махаббатқа толтыру керек. Соның арқасында және әріптестермен, оқушылармен қарым-қатынас жасау арқылы мен өзгерім тұлға ретінде дамимын.

     Адамдардың айтуынша математика қызықсыз сабақ және өмірге ешқандай қатысы жоқ. Шынында даа өмірде өте аз адамдар, түбір астын, логарифмді есептеу, немесе теңдеулерді шешумен кезігеді. Оның жауабы өте қарапайым: математика оқытудың басты мақсаты тек математиканы оқу ғана емес, сонымен қатар әмбебап қасиеттерді, білім мен дағдыларды оқу болып табылады. Математика өз ісіңді қарқындатуға, шешім қабылдауға, ісіңді тексеруге, қателеріңді түзетуге үйретеді.

         Дегенмен де математика жалпы білім берудің іргетасы болып қалмақ.

Мен математика оқытушысы ретінде осы іргетастың құрылуы үшін өз үлесімді: СТБ (сапаны тәуелсіз бағалау), АМБ (аралық мемлектетік бақылау) табысты тапсыруда тигізудемін деп санаймын.

Оснда ғана түлектер таңдаған мамандықтары бойынша білімін жалғастыра алады. Оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға үйрету менің басты

міндетім. Сабақ барысында мен оқушыларды математиканы тек құрғақ ғылым ретіндеформулалар, алгоритмдер ретінде ғана қабылдамауды үйретемін. Сондықтан

әр сабақта мен көрінбейтін жолдарды таңдау арқылы көптеген оқу материалдарымен таныстыруға, математиканы өзге де ғылымдармен, адамзаттың ашқан ұлы

жаңалықтарымен, өнермен және адамдардың тағдырымен байланыстырамын. Оқушылардың әр қайсысына эмоционалды қолдау көрсетуге тырысамын. Мен оқытудың көптеген жаңа тәсілдерін, амалдарын тапқанмен, бұнымен тоқтап қалмаймын деп ойлаймын. 

Менің міндетім – студентке өзін табуға, өзінің мүмкіншіліктерін және талантын ашуға қол ұшын беру болып табылады. Сондықтан бұл менен көп білімді, дағдыларды, педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Сабақтарды өте қызықты, әрі тартымды өткізудің түрлі тәсілдері бар, бірақ олардың ең бастысы өзіңе, өзіңнің мүмкіншіліктеріңе деген сенім ең бастысы болып табылады. Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді. Тек өзіңнің қателеріңдің оқу тәжірибесе ретінде қабылдауды үйрену керек. Мен математикамен айналысуды жақсы көремін. Математикаға деген қығызушылығы бар студентті оқыту маған аса үлкен қуаныш әкеледі. Олардың үйрену ниеттерін қалай оятуға болады? Пәнге деген қызығушылықты қалай тұрақтандыруға болады? Оларды қалай оқытуға болады? Осы аталған барлық сауалдарға мен күн сайын өзімнің сабақтарымда жауап табуға тырысудамын.

         Мектепте оқушылардың саны бірдей емес, көптеген оқушылар өздерінің қасиеттеріне қарамастан, математикадан базалық дайындық деңгейлерін игере алмайды. Барлық балалардың қабілеттері әр түрлі. Осы қабілеттерін ашу – ұстаздың міндеті. Бала «толтырылатын бос кеме емес, ол жандырылатын қажетті алау».

Бірақ ол үшін оқушылардың қарамағынан қызығушылық сезімі болу керек. Егер оқушылардың тарапынан мұндай қызығушылықтар болса ғана, математика пәнінің

оқытушысы маңызды болмақ.

         Ол үшін осы тілектерді қалыптастырып, студенттердің танымдық шығармашылық қызмет істеуде бойында осы білімге деген құштарлықты тәрбиелеу

керек. 

         Студенттердің алған білімі олардың ізденіс нәтижесінің жемісі болуы үшін сабақ үстінде олардың математика пәніне деген қызығушылығын дамытуға тырысамын.

         Білім беру бұл – білім алушыларға тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар есеп шығару арқылы ақпаратты ие болу үшін жұмыс істеу дегенді білдіреді. 

Студенттердің дара жұмыс істеуі, қажетті ақпарат іздеу, студенттердің шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытуға түрткі болу, олардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау өте маңызды. Сонда олар мамандықтарына қарамастан өмір бойы білім алуға дағдыланады.

А. Дистервергтің айтуынша «Даму немесе білім алу ешқандай адамға берілмейді. Оған  тек өзіңнің күшіңмен, еңбекқорлығыңмен жетесің». Оқытудың негізгі әдістерін таңдағанда мен проблемалық-іздестіру, математика бойынша бағдарламалық материалдарды жүйелі және тұрақты игерудің жобалық құралына, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен студенттерді тәрбиелеу – өздік жұмысқа көп көңіл бөлемін. Білім дайын тұрғыда берілмейді, олар нақты әрекет жасау барысында игеруледі. Математиканы зерттеу кезіндегі студенттердің өздік жұмысының мәні: түсініктерді игеру; есептеу дағдыларын бекіту болып табылады. Ұстаз болашақ ғалымға, космонавтқа, дәрігер мен құрылысшыға білім беруші. Ұстаз олардың білімдері мен дағдыларының іргетасын, көзқарасының қалыптастырушысы, ертеңгі күнге жұмыс істейтін тұлға.

  «Ұстаз, адам жылуын беретін күн шуағы бол, адам қасиеттерінің бай іргетасы бол, білімді оқушылардың есіне және санасына ғана емес, сонымен қатар жаны мен жүрегіне сіңір»

    Ш. Амонашвили 

         Сонымен мектеп-конвейер емес, ал білім – өндіріс емес. Оқушылар мектеп үшін емес, олар өмір сүру үшін білім алады.

Адалдылық, мейірімділік, әділеттілік, түсінушілік – бұлардың барлығы мен үшін тек «әдемі, дұрыс» сөздер ғана емес, бұл мен үшін адам бойындағы аса маңызды

қасиеттер.

         Нағыз ұстаздар оқушылардың бойынша білім алу отын жағып, содан кейін балалық танымдық, шығармашылық бастама мен мейірімділік қасиеттерін ұстап тұрушы.

         Менің мақсатым: «Басты өзің от болып жануың және оттың жылуын әр балаға беру». Менің жұмысымның арқасында мені көптеген адамдар қоршайды.

         Мені «әр оқушы білім алу объектісі емес, бұл – тұлға, әр сабақ - жұмыс емес, бұл – шығармашылық, әр алған екі бағасы – бұл қорытынды емес, керісінше ойластыру себебі» деп ойлайтын менің пікірлес-әріптестерім жанымда.

         Мәдиетті, рахани тұрғыда бай, асыл адамды тәрбиелеу – бұның барлығы оқытушы үшін өте маңызды. Алдымен аталған қасиеттер ұстаздың бойында

болуы қажет, егер бойымызда осы қасиеттерді тәрбиелесек қана, біз олардың өзіміздің студенттерге бере аламыз.

      Менің мұғалім ретінде қалыптасу кезінде мен өз алдыма келесі педагогикалық міндеттерді қойып, оларды күнделікті шешуге тырысамын:

* Студенттерге тәуелсіз болуды үйрету.  Біз оларға көп нәрселер жасаған сайын, олар керісінше ештеңе істегісі келмейді. «Аш адамға тамақ емес, жұмыс бер» деген әйгілі мақал бар.

*Студенттерді өздерін еркін ұстауға, жеткен жетістіктері үшін мақтан тұтуға үйрету қажет.

* Әр студенттің білім алу жолын таңдауда жағдай жасау және оның жеке қасиеттеріне орай дамыту.

*Студенттердің өз мүмкіншіліктері мен күшіне және өзінің еңбегінің жемісінен қуаныш алуға сендіру.
* Жоғары техникалық мектебінің түлектерінің көзқарастарын, білімдері мен дағдыларын пайдаланып жұмысқа орналасу барысында құзырлы, білікті, бәсекеге

қабілетті маман болуына септігін тигізу.

Кез келген адам өмірінде бірнеше сауалдарға жауап береді: мен не үшін өмір сүремін, маған бұл өмірде не қымбат, не маңызды? Өзімнің өмірімді ойластыра келе менің

жұмысым қай жерді аяқталып, қай жерде жеке өмірім басталатынына шектеу қоя алмаймын.

Бұл менің философиям, педагогикалық еңбекке шақыратын бастама.

Мен мұғалім болып жұмыс істемеймін, мен ұстазбын.

 Автор: З.К. Бекмаганбетова

Аударған: А.К. Арыстанова

«Жаратылыстану-математикалық

пәндерінің» УМО

 

 

 

Автор: Бекмагамбетова З.К. аударған Арыстанова А.К.
Просмотров: 291
Дата создания: 25 Февраля 2016 г.
Дата редактирования: 25 Февраля 2016 г.
www.egov.kz
Опрос