Список документов
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫ МОНИТОРИНГІ ЖҮЙЕСІ

Педагогикадағы

қазіргі кезең «ғылыми тектес демагогия мен ауызша эквили-бристикадан түпкі

нәтижені шынайы болжамдауға» қарай өтумен сипатталады. Оған білім беру саласын ақпараттандыру мен ақпараттық технологияларды

енгізудің нәтижесінде қол жетіп отыр. Бүгінгі күні педагогиканың маңызды бір саласы педагогикалық диагностика

болып саналады. Диагностикада дәстүрлі түрде білімі мен біліктілігін тексеруден гөрі анағұрлым

кеңірек әрі тереңірек үңіле қарау басым. Оқытып-үйретуді,

оқуды меңгерудегі табыстарын, білім нәтижесін

және т.б. сараптауды айырып көрсетеді. Тексеру нәтижелерді сарап-тап - талдап қарамайды, тек қана баяндап

береді. Диагностика жүргізу нәти-желерді

оған қол жеткізудің жолдары және тәсілдерімен байланыстыра оты-рып қарастырады әрі сол саладағы үрдістерді,

оқушыларды қалыптастырудың динамикасын

анықтайды. Диагностика жүргізу

ұғымына бақылау, тексеру, бағалау,

статистикалық деректерді жинап, оларды талдау, динамикасы мен үрдісін анықтау,

жағдайдың болашақта өрбуін болжау кіреді. Олай болса, педагогикалық диагностика, біріншіден, жеке оқыту процесін оңтайландыруды; екіншіден, қоғам мүддесі тұрғысынан келе отырып, оқыту

нәтижелерін дұрыс анықтау және білім беру сапасының деңгейі мен оқушылар немесе үздіксіз бі-лім беру жүйесінің әр деңгейінде білім алушылар даярлығының сапасы туралы объективті ақпарат беруді қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі танда Қазақстанның білім беру кеңістігінде білім беру

сапасын бағалау саласында іс жүзіндегі зерттеулер елеулі дамып отыр. Дегенмен, диагности­ка мен бағалаудың әдіснамалық негіздерін, Қазақстандағы білім

беру жүйесін дамытуды басқару мен болжаудың базалары ретінде білім сапасы саласында мониторинг™ зерттеулер жүргізу

жүйесін әзірлеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. К.Н. Нәрібаев атап көрсеткендей «кез келген,

әсіресе білім беру жүйесі саласындағы реформа ең алдымен ғылыми негізделген болуы тиіс. Олай

болмаған жағдайда неге апарып соғары

белгісіз. Бұл білім беру жүйесін ре-формалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың рөлін

жоққа шығарғандық емес. Әңгіме қоғамдық мәні үлкен білім беру реформасының тиімділігін, сенім-ділігін және нәтижелілігін арттырудың қажеттілігінде

болып отыр».

Қазақстан

Республикасындағы білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың бірыңғай

әдістемесін әзірлеу туралы мәселені ҚР Білім және ғылым министр-лігі көтерген болатын. Еуропалық кеңес пен

ЮНЕСКО 1997 жылы Лиссабон қаласында

қол қойған Жоғары білім туралы халықаралық конвенция Қазақстанда

мамандарды даярлаудың сапасына кепілдік беру тетіктерін дамы-ту мен жетілдірудің өзектілігін арттыра

түсті.

Соңғы 15 жыл

ішінде Қазақстанда білім сапасы кепілдігінің белгілі бір ме­ханизм! қалыптасты. Ол: мемлекеттік деңгейдегі лицензия беру, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау,

ұлттық бірыңғай тестілеу (¥БТ), жоғары оқу орындары студенттерінің оқудағы жетістіктерін

аралық мемлекет-тік бақылау (АМБ) қызметтері. Осы жылдар аралығында

қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы алты

орталық пен Қадағалау комитеті атқаратын

Білімді бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Барлық жоғары оқу орындарында сапа менеджменті

жүйесі (СМЖ) енгізілуде, алайда көп жағдайларда ол сертификатталуға тиісті ИСО 9000-2000 талапта-рына сай құжаттама түрінде ұсынылып отыр. Сапа менеджментінде диагнос­тика және аудит процестері

(педагогикалық, психологиялық, социологиялық), мониторингжүйесі,

бағдарламалық қамтамасыз ету және білім беру процестері мен құбылыстары сапасын тексерудің нәтижелерін көрсететін деректер қорын құру барынша

маңызды. Қазіргі кезде жоғары оқу орнындағы (колледж неме-се

мектептің) сапа менеджменті жүйесінің

ұзақ мерзімді бағдарламасының жұмысы ең алдымен ақпараттық қамсыздандыру және

диагностикалық аппарат пен оның құралдарын

жасап шығару жөніндегі мақсатқа бағытталған дәйекті істі жүргізудің

қажеттілігімен байланысты. Бұл білім беру ісіндегі күллі процес-тер мен өнім

(бітірушілер, ғылыми, оқу, әдістемелікжәне басқалар) сапасының ахуалы туралы

неғұрлым объективті ақпараттарды алып тұруға мүмкіндік жасайды.

БМЖ қызмет ету жүйесіндегі тәжірибе

біртұтас жүйелерде, соның ішін-де білім беру ісінде

де білім сапасын ұдайы арттыруға бағытталған өзін-өзі ұйымдастырып,

дамыта алатын жүйеге көшуді білдіреді. Білім беру қызметінде

табысқа жету оның дербестігін, институттық деңгейде өзіндік басқаруын артты-румен байланысты әрі ол мемлекет тарапынан басқаруды орталықсыздандыру жағдайында өтуі қажет екендігіне сөз

жоқ.

Алған тәжірибемізге қарап, ҚР Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінде маңызды компоненттің, яғни педагогикалық

диагностика мен оның құралдарының ғылыми тұрғыдан жеткілікті өңделмегенін көрсетіп

отыр. Атал-мыш мәселе білім сапасын бағалаудың нәтижелері сапаны басқару мен білім жүйесін

дамытудың жолдарын болжамдаудағы базасы болып табылатын мо­ниторинг™ зерттеулердің объективті болуына байланысты болмақ.

Білім сапасы көрсеткіштерінің бірыңғай стандартталған жүйесі

және оның бағалары, сондай-ақ білім сапасын басқарудың жүйесі Қазақстанда енді

ғана қалыптасып келеді.

Педагогикалық диагностиканың дамуы диагностикалық рәсімдердің елеулі

күрделілігіне, ғылыми-теориялық негізі мен оның қызмет ету қағидалары, білім

нәтижелерінің өлшемдері мен бағалауындағы ғылыми әдістерінің, стандартталған

бақылаушы құралдар қорын құрудыңәзір болмауы-нан тежеліп тұр. Бұл тұста білім беру ісіндегі

күтулі және қалаулы нәтижелерді стандарттаудың, өлшемдік және сандық бағалануға тиісті

педагогикалық про-цестер эталондарын, нормаларын анықтау мәселесініңтөтенше

маңыздылығы көрінеді. Білім беру ісін стандарттау мен білім сапасын анықтау

өзара тығыз

байланысты

процестер. Стандарттар білім беруде нысанаға алған істердің же-тістіктерін

бағалаудың өлшемдік негізі және «нормасы» болып табылады. Онда оқу

орындарындағы іс-әрекеттің қорытынды нәтижелері салыстырылуға тиісті. Кез

келген ел тек білім саласын

шынайы түрде бағалап, білім сапасы деңгейін білім берудегі

жетістіктердіңхалықаралықдеңгейімен салыстыра отырып қана, әлемдік

қоғамдастықтағы толық құқылы және көп аспектілі әріптестікке қол жеткізе алмақ.

Тестілеу, диагностиканың бір әдісі ретінде оқушылар мен білім алушылардың

оқудағы жетістіктерін бағалау үшін кеңінен пайдаланылады.

Алайда, бұл диагностика нәтижелерінің

объективтілігі бағалаушы құралдар немесе тест тапсырмаларының сапасы жоғары болса ғана мүмкін жайт. Қазақстандағы диагностика

құралдарын әзірлеушілердің ғылыми және іс

жүзіндегі тәжірибесі тест тапсырмалары қорын

жасауға мүмкіндік берді. Онда негізінен фактологиялық пәндік білімін тексереді.

Жалпы немесе жеке неме­се сараптамалық

қызметіндегі салыстыру, анықтау қабілеттілігін, пәнаралық білімді ұштастыру

логикалық ойлау жүйесінің мүмкіндіктерін, кестелерді, диа-граммаларды, сызба

материалдарын сараптау мүмкіндіктерін айқындайтын өлшеуіштер өте аз. Бұл

біліктілік пен құзыретін тексере алатын

өлшемдердің жаңа түрлерін айтпағанда, әрине.

Қазір ұлттық

бірыңғай тестілеуде пайдаланатын оқу жетістіктері өлшеуіш-теріне ескертулер

көп. Оқушылар мен студенттер, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері тарапынан

аппелляцияға берудің көптігі осыған байланысты. Англия

мен АҚШ-та және басқа елдердегі тестологияның даму

тарихына 200 жылдан астам уақыт болған екен. Онда

тек диагностика (психологиялық, педагогикалық

және социологиялық) жағынан ғана емес, осы елдердегі тестілеу ісінің түрлі мақсат, міндеттерін, сондай-ақ алынған

деректердің математикалық және статистикалық өңдеулерін ескере отырып,

тест тапсырмаларын құрастыру жұмыстарында да

орасан зор тәжірибе жинақталғаны мәлім

Қазақстанда бұл зерттеулер жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау

міндеттемесіне байланысты бақылап-қадағалаушы

құралдар қорын жасаудың қажеттілігі ке-ліп туындағанда, тек 1988 жылдан кейін дами бастаған еді. Тестілеуді бақылау нысаны

ретіндегі алғашқы ендіру жұмысының дамуы Қазақстанда Әл-Фараби атындағы Қазақ

ұлттық университетінде бастау алды. 1992 жылы

сапа жүйесі жасалып, оған факультеттер,

кафедралар және жалпы университеттің дәйекті түрде өз-өзін аттестаттауы енген

болатын. Бағалаудың негізі ретінде жан-жақты амал-тәсілдер алынды, дегенмен

оқытудың нәтижелік көрсеткіші студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау

арқылы жүргізілді. Осыған байланысты бі-лім

берудің диагностика жүйесі мен сапасын

бағалауды қамтамасыз етудің бағдарламасы әзірленіп, университет оқытушылары күшімен факультеттердің өзін-өзі

аттестаттауына және тестілеу емтихандарына (қабылдау және сессия) арналған тест тапсырмаларының

қоры жасалды.

1993 жылы Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жаны-нан Білім берудің мемлекеттік

стандарттары мен тестілеудің ұлттық орталығы (БМСТ¥0) ашылған-ды. Онда

республиканың жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарына арналған өлшемдері қалыптастырып, тестілеу жо-лымен

кешенді түрде алынатын емтиханныңтехнологиясы мен бағдарламалық қамтамасыз

етілуін әзірлей бастады. 2004-2005 жылдары

өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеудің

(¥БТ) үш негізгі мақсаты болған еді: оқушылардың оқудағы жетістіктерінің

сапасына диагностика; жоғары оқу

орындарына баратындардың оқудағы жетістіктері деңгейін анықтау; ¥БТ нәтижелерін

білім беру жүйесінің сапасын басқару

мақсатында жүргізілетін білім сапасының мониторингтік зерттеулері үшін қолдану.

Талапкерлерді тестілеудің нәтижесі орта мектепте-гі оқушылар базалық

дайындығының төмен деңгейде екендігін көрсетті. Бұл, сөз жоқ, елдің

экономикасына, қррғаныс қабілеттілігіне, басқару саласы мен әлеуметтік өміріне

ықпалы бар орта және жоғары буын

кадрларын даярлау ісіне жауап беретін оқу орындары (колледждер мен жоғары оқу

орындары) қызметінің сапасына салқынын

тигізді. Соңғы он бес жылда кәсіптік

білім бе-рудегі ала-құлалықтармен байланысты ғылым, білімнің көптеген

салаларын-да әлемдік деңгейден артта қала бастады, ал білімге қойылатын

талаптардың төмендеп кетуі оқуда да, өндірісте

де «орташалардың қаптаған армиясын» түзіп отыр.

Соңғы жылдардағы талапкерлерді кешенді

тестілеу жұмысының онды ерекшеліктерімен қатар ақсап жатқан жерлері де бар. Мәселен,

рәсімдерге, өлшемдерге және қорытынды нәтижелерге қатысты негативті баға

беріліп, оның соңы оқушылар мен ата-аналарының сансыз аппеляцияға жүгінуіне әрі

тестілеу ісіндегі келеңсіздіктер жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында

жариялануына әкеп соқты.

Материалдарды талдау ¥БТ жұмысында орын

алған жағымсыз құбылыс-тардың себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Ескертулер

негізінен тестілеу метериалдарының сапасына немесе өлшемдерге айтылған, олардың себепте-рін былай

түсіндіруге болады:

  

1993 жылғы тестілеу және білім беру орталығының негізгі тест тапсыр-маларының қорын жасау жұмысына тестология ісін

жүргізуге даярлығы жоқ мұғалімдер мен жоғары мектеп оқытушылары тартылған;

  

тест тапсырмаларын құрастыру саласында кәсіптік даярланған кадрлар-дың

болмауы, дегенмен БМСТҰО соңғы жылдары ¥БТ мен аралық мем-лекеттік бақылауға

(АМБ) арналған өлшемдерді құрастыру бойынша мек­теп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушылары үшін АҚШ пен Ресейдің алдыңғы қатарлы мамандарын шақырып

біліктілікті арттыру курстарын өткізіп келеді;

  

білікті

сараптау жұмысы жүргізіліп, неғұрлым сапалы тестерді іріктеудің бол­мауы;

  

автоматты

түрде тестілеудің нәтижесінде алынған балға талдау жасау арқылы тест сапасының анықтығына,

сенімділігіне, шынайылығына және т.б. ғылыми тексерудің болмауы;

  

бақылаушы

құралдар қорынан аппеляция барысында анықталған сапасыз тест тапсырмаларын аластату немесе алып тастаудың

болмауы;

  

дұрыс

жауаптардың нөмірінде (аппеляцияның нәтижесіне байланысты) кетіп қалған сәйкессіздіктерді

дөп басып тауып, бағдарламаның дұрыс жауаптар базасында түзетіп отырудың болмауы;

  

тестілеуді

жүргізетін адамдардың жұмысқа жауапсыздықпен қарауына бай­ланысты кедергілер және т.б.

Ғылыми негізделген замана дидактикасы педагогикалық

диагностиканың

барынша

объективті әдістердің бай амал-құралдарына сүйенбеген жағдайда, тығырыққа тірелері анық, ал ол болса

жүздеген жылдар бойы жасалады. Мек-тептегі оқу үлгерімін тестілеуде алғашқы із

салған ағылшын Джордж Фишердің шамамен 1864

жылы пайда болған «sсаіе bоокs» кітабы болды. 1894

жылы американдық Дж.М. Райс өзінің орфография

жағынан білімін тексеруге арнал-ған кестелерін

дидактикалық амалдардың тиімділігін үйрену үшін пайдаланған. Біліктілікті

анықтауға бағытталған диагностикалық іс-әрекет көбінше тиісті қоғамдық

құрылымдар мен талаптарға байланысты.

Білімді тексеру мен бағалау

мәселелерінің ахуалын талдай келе, оның көп қырлылығын, зерттеушілердіңоны

әралуан аспектіде қарастырғанын атап өткен орынды. Бұл мәселенің қызметін,

әдістерін, қағидаларын және бағалаудыңжал-пы және жеке жағдайларын зерттеуге байланысты негізгі

бағыттарын көрсетіп беруге болады.

Жұмыстың үлкен бөлігінде оқу процесінде

білімді тексеру мен бағалау

қызметтері, қалыптастырылатын білімге, тәліміне, дағдысы мен машығына қойылатын

талаптар, оқушылар білімін бақылаудың әдістері, дәстүрлі оқыту жүйесіндегі

білімді есепке алудың рүрлері зерттелген болатын ((М.И.Зарец-кий, И.И.Кулибаба,

И.Я.Лернер, Е.И.Перовский, С.И.Руновский, М.Н.Скаткин, В.П.Стрезикозин және басқалар). Жарияланған

материалдарда білімді тексеру мен бағалаудың қадағалаушы, үйретуші, тәрбиелеуші

тұрғыдағы қызметтері көрсетіліп, білімді жазбаша, ауызша, графикалық және

практикалық бақылап-тексеруді, сондай-ақ жеке, жаппай, тақырыптық және

қорытынды сауалнама-ларды өткізудің әдістемесі ашып көрсетіледі. Мектеп

оқушыларының білім сапасына, олардың түрлі оқу пәндері бойынша ауызша,

жазбаша жауаптарын бағалауға қойылатын талаптар

қалыптастырылған. Диагностикаға байланысты

проблема педагогикалық зерттеулерде кеңінен

қамтылып, әрқилы аспектілер-де қарастырылады: жеке (В.С. Аванесов, В.П.

Битинас, О.Ф. Земляков, К. Ин-генкамп,

Л.И. Катаева, Е.'И. Перовский, В.П. Стрезикозин, ГА. Щукина жэне басқалар); білім беруші мен білім алушының өзара бірлесе жұмыс істеуі (С.А. Архангельский,

Ю.К. Бабанский, В.П. Беспалько, Б.П.

Есипов, Т.А. Ильина, В.П. Мизинцев, В И. Михеев, Н.С. Чудновский және басқалар); біртұтас білім беру процесі (М.А. Данилов, Э.Д. Жуковская, В.С.

Ильин, В.В. Краевский, И.Я. Лер-нер және

басқалар) және басқару ісі (ГГ. Габдуллин, М.К. Рункова, Н.С. Сунцов,

П.И. Третьяков, Н.А. Шубин жэне баскапар).

Педагогикалық диагностика бүгінгі күні

педагогиканың маңызды бір саласы ретінде білім сапасына кепілдік беретін барлық механизмдердің, білім беруді

сыртқы (халықаралық, ұлттық) және ішкі (институттық) бағалаудың, сондай-ақ

бі-лім сапасы саласында сапа менеджменті

мен мониторингтік зерттеулер жүйесі жүргізілуінің негізгі өзегі болып табылады.

Оқытудың

нәтижелілігіне диагностикалық тексеру жүргізу мынадай деңгейлерде өтуі мүмкін:

  

нақты

тапсырмалардың түрлері мен оқытудың әдістері;

   нақты оқу сабақтарының түрлері;

   жекелеген немесе кешенді пәндер;

   жекелеген оқу топтары, курстары, бөлімшелері;

   оқыту циклінің түрлі кезеңдерінде: оқыту процесінің жүйеге кіру әрі шығу

ба-рысында көлденеңінен және тігінен тексерілуі;

   институттық деңгейде: мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында;

   ұлттық білім жүйесі (мемлекеттік аттестаттау және білім беру мекемелерін

тіркеу, не оқу орындарының қызметіне аудит жүргізу, білім сапасы монито­ринг! жүйесі);

♦    халықаралық

білім беру жүйесі (мысалы, Різа, Тітзз

бағдарламалары бо-

йынша білім беру ісін салыстырмалы

зерттеу және т.б.).

Диагностикалық қызметтердің диапазоны оқу

процесінің нақты нышан-

дары мен параметрлерінің сандық, сапалық

көрсеткіштері анықтамасынан бастап, білім берудің күрделі жүйелерінің сапасы мен нәтижелілігін

тексеруге дейін тарала алады. Зерттеудің деңгейі мен объектісіне, диагностика

жасау-дың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты

сапа критерийлері мен пара-метрлерін

айыруға болады.

Педагогикалық

диагностиканың қазіргі заманғы даму үрдістері мыналарды:

   тұжырымдамалар;

   педагогикалық диагностика

әдіснамасы;

   ұғымдық аппарат;

   білім сапасына диагностика

жасау жүйесінің өлшемдік аппараты;

   педагогикалық диагностикадағы квалиметрикалық (сапалы) тәсіл;

   білім берудің мемлекеттік стандарттарының әдіснамасы және олардың үздіксіз

білім беру

жүйесіндегі сабақтастығы;

   білім беру

процестерін нормалау;

   білім берудің нәтижесі мен оқыту сапасын бақылау және бағалаудың

объ-ективті әдістері;

   өлшем немесе өлшем тетіктері жүйесін жобалаудың ғылыми-әдістемелік

не-гіздерін;

   МСТ пен

нормативтік-құқықтық құжаттаманы қоса алғандағы

диагностиканың стандартталған аспаптарын;

   педагогикалық диагностиканың стандартталған өлшемдер қорын қалыптастыру;

   білім беру

мекемелерінің сапаны бағалайтын бірыңғай

әдістемесі мен білім беру жүйесіндегі

рейтингті анықтайтын салыстырмалы индикаторларын;

   білім беру

сапасы мониторингі жүйесінің бағдарламасы (түрлі

деңгейлер мен түрлері);

   халықаралық және мемлекеттік, институттық деңгейде мамандар даяр-лаудың сапасына кепілдік беретін механизмдерді жетілдіру;

   диагностика

жасау технологиясы мен ақпараттық деректер

қорымен бағдарламалық қамтамасыз ету;

   педагогикалық диагностика

нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштері

негізіндегі білім сапасын басқарудың мәселелерін әзірлеу ба-рысында

айқындалады.

Қазіргі замана дамуы кезеңінде білім сапасына

диагностика жасау өзекті мәселе. Ол білім беру

жүйесі оқыту процесіндегі ахуалдың статистикалық

және динамикалық сипаттамасын айқындауға арналған. Тағы да ол оқу процесі не­месе білім бері жүйесінің көлемі мен құрылымдық күрделілігіне байланысты,

зерттеліп отырған білім деңгейі мен

педагогикалық процестің нәтижесін сан жағынан

сипаттайтын критерийлер мен параметрлер кешенін анықтауға негізделген.

Педагогикалық диагностика - бұл бақылау түрлерінің жүйесі. Онда өлшемдік тетіктер көмегімен оқу

процесінің (тестер және өзге де құралдар)

сандық, сапалық сипаттамасын белгілеп,

қол жеткен табыстарын анықтауға болады. Педагогикалық диагностиканың мақсаты

қай қырынан алғанда да сандық және

сапалық көрсеткіштерді белгілеу, бұл жүйедегі істердің

нәтижелі әрі тиімді болуы үшін қажет. Білім сапасына диагностика жасағанда оқыту процесінің нәтижесіне үңіліп, мамандар

даярлығына мониторинг жүргізбей болмайды.

Немесе керісін-ше, өйткені сандық, сапалық көрсеткіштерді жинау және байқап

отыру объек-тивті даму заңдылықтары мен

жүйедегі хал-жағдайға барабар бағалауды бел-гілеуге арналған база болып табылады. Білімдегі сапа бағалаудың (бағаның) критерийлік базасы ұғымымен

байланысты.

Педагогикалық диагностиканың кейбір қағидаларын 1991 жылы Е.А. Михай-лыч бір қисынға келтірді:

   жүйелілік және нақтылық;

   диагностика теориясы мен әдістемесінің ғылыми негізділігі;

   диагностиканың белгілейтін және түзететін қызмет түрлерін үйлестіру;

   диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы;

   диагностикалық әдістемелер мен рәсімдерінің оңайлығы;     і

   диагностиканың түрлері мен әдістерін оңтайландыру;

   диагностиканың болжамдылығы.

Институционалдық деңгейдегі білім сапасына

диагностика жасау мен бағалау жүйесін әзірлеу

мен енгізу, сондай-ақ білім беру ісін

дамытудың қазіргі жағдайында педагогикалық диагностиканың мәселелері жөніндегі

көптеген дереккөздерді талдау барысында, оның келесі қағидаларын атап көрсетуге

бо-лады:

   жүйелілігі және біртұтастығы;

   білімді тексерудің көп деңгейлілігі;

   білім беру

нәтижесінің сапасына диагностика жасаудың ауқымдылығы;

   диагностикаға қатысты квалиметрикалық тәсіл;

   диагностикаға қатысты өлшемдік-бағалау тәсілі; өлшемдік аспаптардың

стандартталуы;

   пайдаланған кезде диагностика

тетіктерінің, диагностикалық рәсімдердің,

әдістердің, нәтижелерді математикалық және статистикалық аппаратпен өңдеудің

әдістемелерінің ғылыми негізделген мазмұнда болуы (тапсырма-лар, тестер,

сауалнамалар және т.б.) - диагностиканың объективтілігі және растығы;

   жүйелілік -

дидактикалық процестің барлық кезеңінде диагностика

жасау| - білімді қабылдай бастағаннан оны

ісжүзінде пайдаланғанға дейін;

   ақпараттандыру (диагностика

жүйесін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз

ету және зерттеу нәтижелерін өндеу; деректер қоры, ақпаратты жеткізу);

   диагностика нәтижесі динамикасына мониторинг немесе бақылап отыру;

   жеке критерийлер бойынша жүргізілетін диагностиканың ашық, көрнекі түрде

болуы;

   жариялылық -

бағаны жариялау және негіздеу;

   кері байланыс -

диагностика нәтижелерін білім берудің сапасын

басқару үшін пайдалану.

Педагогикалық, психологиялық және социологиялық диагностика әлемдегі білім беру жүйесін реформалаудың қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалаудың ұлттық

жүйесіндегі, білім беру ұйымдарының өзін

институттық деңгейде бағалаудағы, мониторингтік зерттеулердегі, сапа менеджменті жүйесіндегі анықтаушы процестер болып

қалыптасып отыр.

Осы диагностикалық рәсімдер білім беру қызметі

объектілерінің немесе

процестерінің нақты белгілері мен қасиеттерін, сондай-ақ білімнің

нәтижесінде жеткен табыстарын

айқындауға мүмкіндік береді. Білім берудің тұлғаға бағдарланған жаңа парадигмасы оны

жан-жақты дамытуға бағытталған. Білімнің сапасы ең алдымен уақыт талабына жауап бере

алатындай тұлғаның қалыптасуына оқу процесінің қаншалықты ықпал ететіндігімен

бағаланады. Үздіксіз білім

алудың қорытындылаушы нәтижесін бағалауға тек ғылыми

негіз-делген диагностика (педагогикалық,

психологиялық және социологиялық) мен оның тетіктері болған жағдайда әрі мониторинг™

зерттеулер жүргізілгенде қол

жетпек.

Диагностика

мен тетіктердің барлық түрін дамыту білім

сапасын бағалау жүйесінде өте маңызды орын алады. Ол білімнің ұлттық,

институтиционалдық және тұлғалық немесе жекелік деңгейлерінде білім сапасына

кепілдіктің негізі болып табылады. Бұл ретте білім сапасын бағалауда,

мониторингте, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиларды (АКТ) және де білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін дамытуда диагностиканың

маңызы зор.


 

Автор: Мустафина А.К.
Просмотров: 6610
Дата создания: 4 Ноября 2015 г.
Дата редактирования: 4 Ноября 2015 г.
www.egov.kz
Опрос